2023 жылғы 21-22 қыркүйекте дәстүрлі 7-10 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3 864 оқушы қатысты. Өңірлердің арасында Қостанай қаласы (883 оқушы), Рудный қаласы (368 оқушы), Қостанай ауданы (375 оқушы), Б. Майлина акданы олимпиадада белсенділік танытты. Оқушылар арасында 7 сыныптар (1142 қатысушы) белсенді қатысты.

509 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 12-ы 1 – орын, 147-і екінші және 350-і үшінші орын алды. Өңірлер арасында Науырзым ауданының (40 % сапа) және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті (64 % сапа).

Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары беріледі.

 

ИТОГИ