5-10 сынып оқушыларына арналған «Around the world» елтану пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

     

      

     

     

     

    2022 жылдың 3-4 наурызында 5-10 сынып оқушыларына арналған «Around the world» елтану пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиада тапсырмаларында ағылшын тілді елдердің әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, әдебиеті, өнері, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері туралы сұрақтар қойылды.

    Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 3 2109, оның ішінде 1 287 (40 %) ауыл мектептерінен оқушы қатысты. Бұл олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 5-сынып оқушылары – 770, ал өңірлер арасында - Рудный қаласы (832 қатысушы), Қостанай қаласы (784) және Б.Майлин ауданы (260) оқушы атанды.

    Олимпиада тапсырмаларын 408 қатысушы сәтті орындап шықты. Оның ішінде 63 оқушы  - 1 орын, 123 оқушы  - 2 орын және 222 оқушы  - 3 орынға ие болды. Өңірлер арасында Лисаков қ. (25,8%), Қарабалық (24,8 %) және Сарыкөл қ. (24,5%) сапа көрсеткішін атап өтуге болады.

    Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификат берілді, ал жүлдегерлерге диплом дайындалатын болады.

     

    ИТОГИ