ТжКБ студенттеріне арналған қашықтық олимпиадалары қорытындысы

    2025 жылғы 21-22 қаңтарда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінші курс студенттері үшін қашықтан облыстық олимпиадалар ұйымдастырылды.

    Олимпиадалар Қазақстан тарихы және ағылшын тілі пәндері бойынша өтті.

    Олимпиадаларға Қостанай облысы колледждерінің 1 397 студенті қатысты, оның 118-і ауылдық жерлерден.

    Қатысушылар ағылшын тілі пәнінен олимпиадаға үлкен қызығушылық танытты – 700 қатысушы.

    183 студент олимпиада жүлдегерлері атанды: 9 қатысушы І орын, 85  қатысушы ІІ және 89 қатысушы ІІІ орын алды.

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары беріледі.

     

    ИТОГИ