Қостанай облысы мектептерінің дарынды оқушыларының ынталандыру экскурсиялық сапары

    2019 жылы 16 желтоқсанда Қостанай облысы мектептерінің дарынды оқушыларының Нұр-Сұлтан қаласына ынталандыру экскурсиялық сапары өтті.

    Сапардың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларды қолдау.

    Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бір күндік экскурсиялық маршрут бағдарламасына  «Қазақстанның жас астанасы – Нұр-Сұлтан» атты қаланың көрікті жерлеріне  («Бәйтерек» монументі, Бейбітшілік және Келісім Сарайы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақ Орда» резиденциясы, Ұлттық мұражай, «Астана Опера» опера және балет театры, «Хан Шатыр» ССО, «Қазақстан» киноконцерт залы, тарихи ескерткіштер, Хазірет Сұлтан мешіті) 3 сағаттық автобустық шолу экскурсиясы кірді.

    Сонымен қатар, ауыл мектептерінің 20 оқушысы «ЭКСПО - мұра» экскурсиясына барып, «Нұр-Әлем» - 8 қабаттан тұратын интерактивті және қызықты экспонаттардан тұратын сала түріндегі әлемдегі жалғыз ғимаратқа барды.