CAMP IT: ІІ ауысым қорытындысы

    Осы жылдың 10 қазанынан бастап 24 қазанға дейін дарынды балаларға арналған Қорған лицей-интернаты базасында «CAMP IT» атты екінші тақырыптық ауысым өтті.

    Қорған облысының Білім және ғылым департаментінің шақыруымен Қостанай облысының оқушылары лагерьдің 2 тақырыптық ауысымына қатысты.

    4 оқушыдан тұратын команда: Диана Мельникова, Илья Ефимов (дарынды балаларға арналған «Озат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты), Мадияр Сигаев (дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты) және Анель Салькенова (Қостанай қ.физика-математикалық лицейі) – «Дискретті математика және комбинаторика», «Информатика», «Сандық технологиялар негіздері» атты бағдарламалар бойынша айналысты.

    Екі апта ішінде балаларға жобаны әзірлеу қажет болды және олар оны сәтті орындады! Олар «Тake your time» сайтын әзірледі және оны сәтті қорғап шықты. Біздің қатысушылардың жобасы І орын алды!!!