Облыс педагогтеріне арналған облыстық вебинарлар

    9 және 11 қазанда Қостанай облысының педагогтары үшін екі облыстық вебинар өткізілді.

    9 қазанда «Дарынды балаларды анықтау және іріктеу, оқыту және дамыту бойынша жұмыс» тақырыбында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс тәжірибесімен Қостанай қ. Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары бөлісті. 

    Вебинардың мақсаты: мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жағдайында педагогтердің кәсіби біліктілігін дамыту процесінің ерекшеліктерін анықтау.

    Вебинарға қатысушылар ретінде Қостанай облысының білім беру ұйымдары директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары шақырылды.

    Вебинардың спикерлері бастауыш сынып мұғалімдері (Якупова Н.А.), пән мұғалімдері (Скендирова Г.А., Досмаганбетова Ж.Т., Сулейменова Н.А., Тулегенова А.Ш., Дауренбекова А.Т.,Исмагулова К.А.), мектеп психологы (Алимова М.Б.) болды.

    Спикерлердің әрқайсысы өз пәндері аясында және сабақтан тыс уақытта дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі туралы баяндады.

    «Жалпы білім беретін мектеп шеңберіндегі зерттеу қызметі» шеберлік сыныбын 2024 жылғы 11 қазанда Қостанай қаласының № 8 жалпы білім беретін мектебі өткізді.

    Шеберлік сыныбын іске асыру идеясы: оқу-тәрбие процесіне білім алушылардың зерттеу мәдениетін дамытуға ықпал ететін жұмыстың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін енгізу.

    Мақсаты: білім алушылардың зерттеу мәдениетін дамыту; оқу процесіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу; кәсіби дағдыларды, шығармашылық әлеуетті дамытуды қамтамасыз ету; білім алушылардың шығармашылық өзін-өзі дамыту, зерттеу қызметіне қабілеттерін қалыптастыру.

    Вебинардың негізгі баяндамашысы директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары И.В.Нестерова болды. Шеберлік сыныбы барысында Ирина Вячеславовна жобаны дайындаудың негізгі сәттеріне тоқталды.

    Ал мектеп педагогтары зерттеу қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Математика пәнінің мұғалімі В.А. Довгодько көпшілік алдында сөйлеуге дайындық бойынша өзінің жұмыс жүйесімен таныстырды. Бастауыш сынып мұғалімі Б.Е. Сайдалина бастауыш сынып оқушыларының жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру туралы, ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С. Сакауова оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына қалай тарту керектігі туралы баяндап берді.

    Вебинарларға білім беру ұйымдарының 40-тан астам ұстаздары қатысты.

    Вебинарлардың бейнежазбасы мына сілтеме арқылы «Қостанай дарыны» ӨОӘО арнасында қолжетімді: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ.