Оқушылардың ІІІ республикалық айтысы

    2019 жылғы  21 қарашада  Алматы  қаласында  Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатының базасында ІІІ республикалық оқушылар айтысы өтті.

    Ережеге сәйкес осы байқауға өңірден бір қатысушы қатысады.  Қостанай облысынан «Рудный қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Б. Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» ММ  11 сынып оқушысы Данияр Нигматов қатысты.

    Данияр мақтау қағазымен марапатталды, сонымен қатар ынталандыру сыйлығы берілді.