М. Әбділдин атындағы мектеп оқушыларының «Адам, Жер, Әлем» атты республикалық турнирі

       Мектеп оқушыларының астрономияға, физикаға, космонавтикаға деген қызығушылығын арттыру, факультативтердің, ғарыш бағыты бойынша үйірмелердің жұмысын жандандыру, ғарыш және ғарыш технологиялары туралы білімді зерделеу және тәжірибеде қолдану, дарынды оқушыларды анықтау мақсатында 2019 жылдың 6 қазанынан бастап 12 қазанға дейін «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы М. Әбділдин атындағы мектеп оқушыларының «Адам, Жер, Әлем» атты республикалық турнирін өткізді.

          Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен  7-11 сынып оқушылары қатысты.

          Қостанай облысынан Рудный қаласының №19 орта мектебінің командасы қатысты. Команда мүшелері: Әбдімұратов Әлихан, Мынтаев Жомарт, Мухамедова Диана, Төлеу Арузат, Асанбаев Аблайхан. Олар барлық тапсырмаларды сәтті орындады: бұл команданы таныстыру презентациясы және күрделі, бірақ қызықты тапсырмаларды орындау.

      Турнир қорытындысы бойынша команда ІІІ орынға ие болды. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды. Турнирге сәтті қатысуымен құттықтаймыз!