Мамандандырылған, инновациялық және аралас білім беру ұйымдарының директорлар кеңесі
«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 30 қазанда мамандандырылған, инновациялық және аралас білім беру ұйымдарының директорлар кеңесі (бұдан әрі – директорлар кеңесі) «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ (бұдан әрі–«Озат» МАТМЛИ) базасында өтті. Кеңестің тақырыбы: «Заманауи білім беру ұйымындағы инновациялық қызмет».
Іс-шараға 17 мектеп директоры мен мамандандырылған, инновациялық және аралас білім беру ұйымдары директорларының 21 орынбасары қатысты.
Кеңестің кіріспе бөлімінде қатысушыларға «Қостанай дарыны» ӨҒПО директоры Гюльнара Кушкенқызы Укина «Қостанай дарыны» ӨҒПО ағымдағы оқу жылына қойылған алдағы жоспарларына тоқталып, инновациялық білім беру ұйымдарында дарынды балалармен жұмысты жетілдіру қажеттілігіне назар аударды.
«Озат» МАТМЛИ директоры Рамазан Елеусізұлы Раисов IT саласындағы дарындылық туралы, соның ішінде дарынды балалар психологиясының ІТ саласындағы ерекшеліктері, ІТ сауаттылығы мұғалімдер қызметінің тиімділігіне ықпал ететін шешімдер туралы кеңес қатысушыларына әңгімелеп берді. Ағымдағы оқу жылында мектеп ақпараттық технологиялар бағыты бойынша халықаралық, облыстық деңгейдегі бірқатар іс-шараларды жоспарлап отыр.
Затобол мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Динара Рүстемқызы Иманбекова «Оқушылардың зияткерлік - шығармашылық әлеуетін жүзеге асырудың шарты ретінде дарынды балалармен жұмыс» тақырыбында сөз сөйледі, қатысушыларды мектепте әзірленген «Дарынды балалар» бағдарламасымен таныстырды. Бұл бағдарлама балалардың ықтимал мүмкіндіктерін анықтауға және дамытуға ықпал ететін, балалардың қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасайды. Мектеп-гимназияда білім алушылардың коммуникативтік қызметін дамыту мақсатында жазғы лингвистикалық лагерь ұйымдастырылады, онда оқу үдерісі шетел тілінің базалық курсының мәдени, елтану бағдарламасымен және тіл тасымалдаушылармен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді.
Директорлар кеңесі аясында мектеп директорларына арналған «Педагогтардың кәсіби күюінің алдын алудағы басшылардың рөлі» тақырыбында семинар-тренинг және «Дарындылықты дамытуға әсер ететін факторлар» тақырыбында директорлар орынбасарларына арналған коучинг ұйымдастырылды. Семинарға жаттықтырушылар ретінде «Білім-Инновация» лицей-интернатының педагог-психологы Ельнара Болатханқызы Молдағалиева және Қостанай қ.№10 орта мектебінің менеджері Дина Дәулетқызы Алатаева шақырылды.
Семинар-тренинг пен коучинг қатысушыларына «Қостанай дарыны» ӨҒПО сертификаттары табыс етілді.