«Оқушыларды зияткерлік жарыстарға дайындау» атты Әулиекөл ауданының география пәні мұғалімдеріне арналған семинар

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 26 қарашасында «Әулиекөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі» ММ базасында Әулиекөл ауданының жалпы білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды зияткерлік жарыстарға дайындау» атты оқыту семинары өтті.

    Семинардың мақсаты -  мұғалімдерге оқушыларды пән олимпиадаларына, ғылыми жобалар конкурстарына дайындауға көмек көрсету.

    Қостанай облысы әкімдігі білім бөлімінің №23 орта мектебінің география пәні мұғалімі Т. Ю. Калинина оқытушы ретінде шақырылды.

    Семинарға Әулиекөл ауданының жалпы білім беру ұйымдарының 20 география пәні мұғалімі қатысты.

    Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.