«Қостанай дарыны» ӨҒПО «Ұстаз - ұлы есім» атты мақалалар жинағын ұсынады!

Дата:
11.09.2019

Құрметті әріптестер, «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтында («QOSTANAI DARYNY.KZ» журналы» бөлімі) сіздердің назарларыңызға «Ұстаз - ұлы есім» мақалалар жинағының бірінші шығарылымы ұсынылған! (көру үшін сілтеме http://kostdaryn.edu.kz/index.php?id=181).

«Қостанай дарыны»  өңірлік ғылыми - практикалық орталығының ұжымы отандық педагогиканың, Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуына баға жетпес үлес қосқан қазақстандық педагогтар туралы, сондай – ақ олимпиада жеңімпаздарын, чемпиондарды, әр түрлі жарыстар мен конкурстардың жеңімпаздарын, Отанымыздың патриоттарын тәрбиелеген біздің облыстың замандас - педагогтары туралы мақалалар жинақтарын жасауға кірісті.

Бірінші шығарылымға қазақ халқының ұлы ағартушылары Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлы, педагог – ақын В. Е. Шалабаев, еңбек сіңірген мұғалім М. М. Мұхитдинов, өңірдегі білім беруді дамытуға зор үлес қосқан жаңашыл педагогтар туралы  мақалалар енгізілді.

Бұл жинақ - біздің облыстың білім беру жүйесі тарихының, оның инновациялық дамуының бір бөлігі.

Құрметті әріптестер, Сіздерді көрнекті қазақстандық педагогтар туралы мақалалар жинағының келесі шығарылымдарын шығаруға қатысуға шақырамыз!

Мақалаларды 2019 жылдың 15 қазанына дейін kost_dar@inbox.ru электронды мекенжайына жіберулеріңізді сұраймыз.

Оставить комментарий