Орыс тілі мен әдебиетінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

Дата:
31.01.2024

2024 жылдың 25-26 қаңтарында 7-10 сынып оқушыларына арналған орыс тілі мен әдебиетінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 4520 оқушы қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 3088 қатысушы (немесе 68,3 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (806 оқушы), Қостанай адуданы (703 оқушы) және Б. Майлин адуаны (313 оқушы) болды. Оқушылар арасында 7 сынып оқушылары ең белсенді болды (1434 қатысушы).

724 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 54 оқушы І орын, 175 оқушы ІІ және 495 оқушы ІІІ орын алды. Өңірлер арасында Алтынсарин ауданының (37 %) және Қамысты ауданының (29 %) оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары дайындалатын болады.

 

ИТОГИ

Оставить комментарий