Химия пәнінен оқыту семинары

         Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиаданың түрлі кезеңдеріне сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 12 қазанда «Қостанай дарыны» өңірлік  ғылыми-практикалық орталығының базасында Қостанай облысының дарынды балаларға арналған инновациялық, аралас және мамандандырылған білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Химия пәнінен олимпиада есептерін шешу» атты оқыту семинары өтті.

       Жаттықтырушы ретінде химия ғылымдарының кандидаты, Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің доценті Наталья Михайловна Снеговских шақырылды.

    Семинарды өткізу барысында облыс мектептерінен 14 педагог аса күрделі есептерді шешті.

       Семинар соңында өткізілген рефлексия оқытудың жоғары деңгейін және мұғалімдердің оның мазмұнына қанағаттанушылықтарын көрсетті. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.