Математика пәні бойынша оқыту семинары

    Жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиаданың әр түрлі кезеңдеріне сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 19 желтоқсанда «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының базасында Қостанай облысының дарынды балаларға арналған инновациялық, аралас және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 20 мұғаліміне арналған  «Математикадан олимпиада есептерін шешу» атты оқыту семинары өтті.

    Жаттықтырушы  ретінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің физика-математикалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Демисенов Берік Нұртазаұлы шақырылды.

    Семинарда олимпиада тапсырмаларын орындау үшін тыңдаушылардың қажетті білім алуы, педагогтарды олимпиадаға дайындық бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру әдістемесімен таныстыру, мұғалімдердің пәндік құзыреттілік деңгейін арттыру, республикалық олимпиаданың әр кезеңінде оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды талдау сияқты сұрақтар қарастырылды.

    Семинарға қатысушылар оқыту семинарының жоғары деңгейін атап өтті. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.