Биология пәнінен оқыту семинары

    Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиаданың түрлі кезеңдеріне сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 12 желтоқсанда «Қостанай дарыны» ӨҒПО базасында Қостанай облысының дарынды балаларға арналған инновациялық, аралас және мамандандырылған білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Биология пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешу» атты оқыту семинары өтті.

    Жаттықтырушы ретінде аға оқытушы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры Людмила Михайловна Музычко шақырылды. Семинарды өткізу барысында облыс мектептерінен 16 педагог аса күрделі тапсырмаларды шешті.

    Семинар соңында өткізілген рефлексия оқытудың жоғары деңгейін және оның мазмұнына қанағаттанушылықты көрсетті. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.