«Оқушыларды зияткерлік жарыстарға дайындау: гимназияның жұмыс тәжірибесінен» облыстық семинары

    Облыс мектептерінің басшыларына және дарынды балалармен жұмыс істеуге жетекшілік ететін әдіскерлерге оқушыларды пән олимпиадаларына, ғылыми жобалар конкурстарына дайындауға көмек көрсету мақсатында 2019 жылғы 12 қарашада білім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыс мектептерінің директорларына арналған «Оқушыларды зияткерлік жарыстарға дайындау: гимназияның жұмыс тәжірибесінен»  атты облыстық семинар (бұдан әрі – семинар) өтті.

    Семинар жұмысына «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Горький атындағы гимназиясы» ММ педагогтары қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д. Р. Блохина семинарға қатысушыларға гимназияның «Алтын Қор» бағдарламасының жұмысын ұсынды. Бастауыш мектепте балалардың дарындылығын дамыту туралы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И. М. Герасёва айтып берді.

    Сонымен қатар гимназияның мына мұғалімдерінің сабақ үзінділері және тәжірибе көрінісі ұсынылды:

     Д. Ш.Клышева., математика мұғалімі;

     Н. А .Аржаматова., физика мұғалімі;

     Н.Н.Шандецкая., ағылшын тілі мұғалімі;

     Д. С. Ромащенко., қазақ тілі мұғалімі;

     Д.А.Вафина ., тарих мұғалімі;

     Т.Н. Мордач., орыс тілі мұғалімі;

     И. Я. Науменко., тарих мұғалімі;

     К. А .Кишкина., бастауыш сынып мұғалімі;

     О. Н. Киселева., бастауыш сынып мұғалімі.

     

    Семинар соңында қатысушылар жас актерлердің қатысуымен неміс тіліндегі спектакльді және жоғары сынып оқушылары хорының ағылшын және қазақ тілдеріндегі қойылымын тамашалады.