«Білім» облыстық олимпиадалық резерв мектебі

                «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 28 қазаннан бастап 1 қарашаға дейін жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ауыл мектептерінің білім алушыларын тереңдетіп пәндік даярлау және олардың облыстық деңгейдегі олимпиадаларға сапалы қатысуы мақсатында облыстық олимпиадалық резерв мектебінде ауыл мектептерінің және Лисаков қаласының олимпиадалық резерв мектебінің оқушыларына арналған сабақтар ұйымдастырды.

            Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатында 5 күн бойы математика, физика, химия, биология пәндері бойынша сабақтар өтті. Сабақтардың мақсаты - оқушылардың республикалық олимпиадасының кезеңдеріне ауыл оқушыларының қатысу сапасын арттыру. Сабақтардың қорытындысы ретінде  рейтингтік олимпиада өтті.

          Оқушыларды дайындауға жоғары оқу орындарының оқытушылары мен республикалық және халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін дайындаған облыстың үздік педагогтары тартылды.

         Осы уақыт ішінде балалар тренингтерге және спорттық жарыстарға қатысып, «Қазақстан» кинотеатрына және «Март» ССО барды. Барлық қатысушыларға Мектепке қатысу сертификаттары, ал олимпиада жүлдегерлеріне дипломдар табыс етілді.