Қорған облысының білім беру ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастық
Балалар дарындылығын қолдау және дамыту бағытында Қорған облысының білім беру ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру мақсатында 2019 жылғы 13 қарашада «Ақпараттық технологиялар ғасырында оқушылардың дарындылығын дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері» тақырыбында семинар – практикум өтті.
Дарынды балаларға арналған Қорған лицей–интернаты мен «Шоқжұлдыз» білім беру орталығының өкілдеріне «Қостанай дарыны» ӨҒПО директоры Г.К.Укина дарынды балалармен жұмыс жүйесін ұсынды. «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының директоры Р.Е.Раисов оқушылармен және педагогтармен бірге оқу кабинеттерінің мүмкіндіктерін, мектептегі IT бағытының дамуын көрсетті.
Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернатының педагог-психологы Е.Б. Молдағалиеваның лицейдегі дарынды оқушыларды психологиялық қолдаудың ерекшеліктерін ұсынғаны қонақтардың қызығушылығын тудырды.
Семинар – практикумның пленарлық бөлімі «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты мен дарынды балаларға арналған Қорған лицей – интернаты арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталды.
Семинардың екінші бөлімінде «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Горький атындағы гимназиясы» ММ, сондай-ақ ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжіне бару ұйымдастырылды.
Қонақтар Қостанай қаласының білім беру ұйымдарының оқушылармен жұмыс жасауда жоғары нәтижелілігін, педагогтардың шығармашылық және креативті тәсілдерін, мектепті басқаруда, оқу үрдісінде, сондай-ақ оқушылардың жобалық қызметінде IT бағытының дамуын атап өтті.