Физика мұғалімдеріне арналған олимпиада есептерін шешу бойынша оқыту семинары

     Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиаданың әр түрлі кезеңдеріне сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 29 қазанда «Қостанай дарыны» ӨҒПО базасында физика мұғалімдеріне арналған олимпиада есептерін шешу бойынша оқыту семинары өтті.

     Жаттықтырушы ретінде А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің физика-математикалық пәндер кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Владимир Михайлович Поезжалов шақырылды.

     Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды: олимпиада тапсырмаларын орындау үшін тыңдаушылардың қажетті білім алуы; олимпиадаға дайындық бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру әдістемесімен педагогтарды таныстыру.

     Семинарға қатысушылар оқыту семинарын өткізудің жоғары деңгейін атап өтті. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.