Оқушылар арасындағы ХІV халықаралық шахмат турниріне қатысу туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Қазақстан шахмат Федерациясы мен Маңғыстау облысының Білім басқармасының қолдауымен дарынды балаларды анықтау және жас шахматшыларды дайындау, сондай-ақ оқушылар арасында жоғары танымдық шахмат ойынын насихаттау мақсатында 2019 жылғы 27 қазан мен 3 қараша аралығында Ақтау қаласында дарынды балаларға арналған әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын облыстық мамандандырылған мектеп-интернат базасында халықаралық шахмат турнирін өткізді.

    Шахмат турниріне еліміздің барлық өңірлерінен 182 жас шахматшы, сондай-ақ Ресей Федерациясының Челябі облысы Сатка қаласының шахматшылары мен Қырғызстан командасы қатысты.

    Командалар  9, 13 және 17 жасқа дейінгі үш жас топтары бойынша қатысушыларды таныстырды. Турнир швейцарлық жүйе бойынша 9 турда өтті.

    2 қазан күні турнир аясында спорт шеберіне үміткер А. А. Абылқасымовпен бір уақытта ойын сеансы ұйымдастырылды,сонымен қатар турнир қатысушылары Ақтау қаласы бойынша шолу экскурсиясын өткізді.

    Қостанай облысынан Сарыкөл ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің оқушылары қатысты. Команда қатысушысы - Оразбаева Алтынай, № 1 Урицк орта мектебінің 1 сынып оқушысы, «Ең жас қатысушы» номинациясы бойынша грамотамен, сонымен қатар «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы бойынша Қостанай қаласының М. Горький атындағы гимназияның 4 сынып оқушысы Казиев Батырхан марапатталды.