VIІI Республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсының қорытындысы

       «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың 3-5 қараша аралығында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында (Алматы қ.) VIII Республикалық «Жылдың үздік психологы» конкурсын өткізді.

    Конкурсқа Қостанай облысының 5 психологы қатысты:

    Қостанай қ.  № 1 мектеп-лицейі;

    Қостанай қ. № 3 мектеп-гимназиясы;

             Амангелді ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі;

    Сарыкөл ауданының Тимирязев орта мектебі;

    Федоров ауданының Первомай орта мектебі.

        Конкурс талантты психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық жағынан өсуіне ықпал ету мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологтардың озық тәжірибесін насихаттау және тарату мақсатында өткізілді.

    Ережеге сәйкес конкурс үш кезеңде өткізілді:

    I кезең - өңірлік,

    II кезең - облыстық

    III кезең - республикалық.

    Республикалық кезең 3 турда өтті:

    I тур - шығармашылық жұмыс,

    II тур - өзін-өзі таныстыру,

    III тур - авторлық бағдарламаның тұсаукесері.

          Конкурсқа қатысушылардың жұмыс өтіліне байланысты қазылар алқасы жұмыстарды 3 санат бойынша бағалады:

    I - 3 жылға дейін

    II - 3-тен 7 жылға дейін

    III - 7 және одан көп

         «Жылдың үздік психологы» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Қостанай облысының қатысушылары III дәрежелі дипломдармен, номинациялармен және сертификаттармен марапатталды.

                                       

    ІІІ дәрежелі дипломмен:

    Захарова Людмила Александровна, Қостанай қ. № 3 мектеп-гимназиясының педагог-психологы;

    Оразалина Зәуреш Мұратқызы, Сарыкөл ауданы Тимирязев орта мектебінің педагог-психологы.

     

    Сонымен қатар  қазылар алқасының шешімі бойынша номинациялар бойынша үздік психолог анықталды:

    Әбделі Диана Анварқызы, Қостанай қ. № 1 мектеп-лицейінің педагог-психологы.