VIІI Республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсының қорытындысы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың 3-5 қараша аралығында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында (Алматы қ.) VIII Республикалық «Жылдың үздік психологы» конкурсын өткізді.
Конкурсқа Қостанай облысының 5 психологы қатысты:
Қостанай қ. № 1 мектеп-лицейі;
Қостанай қ. № 3 мектеп-гимназиясы;
Амангелді ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі;
Сарыкөл ауданының Тимирязев орта мектебі;
Федоров ауданының Первомай орта мектебі.
Конкурс талантты психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық жағынан өсуіне ықпал ету мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологтардың озық тәжірибесін насихаттау және тарату мақсатында өткізілді.
Ережеге сәйкес конкурс үш кезеңде өткізілді:
I кезең - өңірлік,
II кезең - облыстық
III кезең - республикалық.
Республикалық кезең 3 турда өтті:
I тур - шығармашылық жұмыс,
II тур - өзін-өзі таныстыру,
III тур - авторлық бағдарламаның тұсаукесері.
Конкурсқа қатысушылардың жұмыс өтіліне байланысты қазылар алқасы жұмыстарды 3 санат бойынша бағалады:
I - 3 жылға дейін
II - 3-тен 7 жылға дейін
III - 7 және одан көп
«Жылдың үздік психологы» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Қостанай облысының қатысушылары III дәрежелі дипломдармен, номинациялармен және сертификаттармен марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
Захарова Людмила Александровна, Қостанай қ. № 3 мектеп-гимназиясының педагог-психологы;
Оразалина Зәуреш Мұратқызы, Сарыкөл ауданы Тимирязев орта мектебінің педагог-психологы.
Сонымен қатар қазылар алқасының шешімі бойынша номинациялар бойынша үздік психолог анықталды:
Әбделі Диана Анварқызы, Қостанай қ. № 1 мектеп-лицейінің педагог-психологы.