Республикалық «Педстарт» олимпиадасының қорытындысы
Желілік ресурстарды пайдалану міндеттерінің бірі мұғалімдердің өз бетінше жұмыс істеу уәждемесі болып табылады. Қашықтық іс-шаралары барлығына мүмкіндік береді. Оқыту және біліктілікті арттыру, тәжірибені жинақтау, жетілдіру жүйесіне келтіру, шығармашылық амбициялар, сұранысқа ие болу, өзін-өзі бағалауды арттыру, өздігінен білім алудың үздіксіздігі. Қашықтықтан өткізілетін олимпиада мобильді және сындарлы өмірлік ұстанымды қалыптастырады, әрі қарай кәсіби, тұлғалық өсу қажеттілігін тудырады.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде математика, ағылшын тілі мұғалімдері, әдіскерлер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған қашықтық олимпиадасын өткізді. Барлығы 2000-нан астам педагог, тәрбиешілер мен әдіскерлер қатысты.
Осы олимпиадаға 250 қостанайлық педагог қатысып, оның ішінде 121 қатысушы дипломдарға ие болды.
Ағылшын тілі оқытушылары арасында 65 мұғалім «Педстарт» олимпиадасының жүлдегерлері атанды, олар 14 бірінші, 17 екінші және 34 үшінші орынға ие болды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілері арасында олимпиаданың 54 жүлдегері болды: 2 бірінші орын, 15 екінші және 37 үшінші орын.
Математика мұғалімдері арасында жүлдегерлер саны аз болды: 2 үшінші орынды осы санаттағы қостанайлық педагогтар иеленді.
Мұғалімдерді олимпиададағы жеңістері үшін құттықтаймыз!