Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауында қорытындысы

        2019 жылғы 4-5 қараша күндері Алматы қаласындағы  Абай атындағы Республикалық мамандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты базасында  Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті.

    Байқау Абайдың 175 жылдық мерейтойының қарсаңында ұйымдастырылған.

     Амангелді және Қостанай аудандарының оқушылары: Досымханова Аякөз және Бустекбаева Аружан -Жасбуын орта мектебінің 10 сынып оқушылары, Құрманғазықызы Шапағат -Айсары орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қостанай облысы атынан шықты. Досымханова Аякөз - Бас жүлдеге ие болды.