Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама-2019» конкурсының қорытындысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы а.ж. 10-11 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты: оқу пәндерінің, элективті курстардың, арнайы курстар мен таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын құратын үздік педагогтардың озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.
Педагог конкурстарға қатыса отырып, инновациялық технологияларды практикаға енгізу және жұмыстың ең тиімді тәсілдерін іздеу және жүйелеу тәжірибесіне ие болады. Педагог үшін конкурсқа қатысу өзінің кәсіби педагогикалық қызметіндегі жетістіктерін көрсету, тәрбиеленушілермен өз жұмысының нәтижелерін көрсету, ата-аналармен, жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін білдіреді.
Конкурсқа (конкурсты өткізу ережесіне сәйкес) 5 жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар, жұмыстары өңірлік іріктеу кезеңінен өткен білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің педагог қызметкерлері қатысты.
Қостанай облысынан 16 авторлық жоба ұсынылды:
Қостанай қ. - 2
Рудный қ. - 4
Жітіқара қ. - 1
Қамысты ауданы-1
Қарасу ауданы - 4
Қостанай ауданы - 3
Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты – 1.
Конкурстық бағдарламаларды сараптау мен іріктеуді республиканың жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері арасынан арнайы сараптау комиссиясы жүргізді.
Конкурс жеңімпаздарының авторлық бағдарламалары жарияланып, дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу практикасына енгізіледі.
Қатысушылардың авторлық бағдарламаларын конкурстың қазылар алқасы объективті түрде атап өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Үздік авторлық бағдарлама - 2019» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Қостанай облысының қатысушылары I, II дәрежелі дипломдармен және номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды.
І дәрежелі диплом
Арапов Жандос Маратулы, Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты («Сандық технологияны қолданудағы оқытудың ең тиімді тәсілдері»).
ІІ дәрежелі диплом
Важницына Алеся Сергеевна, Рудный қаласы әкімдігінің № 4 мектеп-лицейі КММ (факультативный курс «Биология на английском языке по системе CLIL для 7 класса»).
Номинациялар бойынша грамоталар
Кистнер Татьяна Дмитриевна, Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Люблин орта мектебі» ММ («Неизведанное в стране литературы для 4 класса»)
Абдибекова Айгерим Бейсеновна, Қостанай ауданының Айсары орта мектебі («Train yourself in English grammar 5-11 сынып оқушыларына арналған тренажер»)
Савицкая Елена Станиславовна, Қарасу ауданының Люблин орта мектебі (учебно-методический комплект курса по выбору “В царстве смекалки” для учащихся 7-8 классов).