Химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы ІІІ республикалық олимпиаданың өңірлік кезеңінің қорытындысы
Дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, химия пәні бойынша теориялық білімдерін тереңдету мақсатында 2019 жылғы 9 қазанда Қостанай қаласының № 7 орта мектебінің базасында химия пәні бойынша Қ. Сәтбаев атындағы ІІІ республикалық олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.
Олимпиадаға Қостанай облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған және инновациялық білім беру ұйымдарының 9-сынып оқушыларынан 27 оқушы қатысты.
Олимпиада екі турда өтті: теориялық және практикалық. Теориялық турға есептерді шешу, практикалық – заттарды анықтау кірді. 2 тур бойынша ең жоғарғы балл 100 баллды құрады. Дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының оқушылары Қали Асанәлі мен Паршиков Андрей (тиісінше 89 және 87 балл) ең көп балл жинады. Олимпиада қорытындысы бойынша үшінші нәтиже «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушысы Мозер Артурда (38 балл) болды. Олар І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
ІІІ дәрежелі дипломдармен Қостанай қаласының физика-математикалық лицейінің оқушылары Островская Екатерина және Муксимов Авваль марапатталады.
Қали Асанәлі, Паршиков Андрей және Мозер Артур Қостанай облысының атынан химия пәні бойынша Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады. Республикалық олимпиаданың қорытынды кезені Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің базасында 2019 жылдың 29-31 қазан аралығында Жезқазған қаласында өтеді.