«Қаныш Сәтбаев – жан-жақты тұлға» атты облыстық викторинасының қорытындысы

Дата:
31.01.2024

2024 жылғы 25 қаңтарда ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушылары  үшін Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қаныш Сәтбаев – жан-жақты тұлға» атты облыстық викторина өтті.

Викторинаға барлығы 15 ауданнан және Арқалық, Рудный қалаларынан 1114оқушы қатысты.

Викторина қорытындысы бойынша 255 оқушы жүлделі орындарға ие болды:  I орын –45 оқушы, II орын – 77 оқушы, III орын – 133 оқушы.

737 оқушы сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің, сертификат иегерлерінің тізімдері https://kostdaryn.edu.kz/ сайтында ұсынылған.

Дипломдар мен сертификаттарды 2024 жылғы 6 ақпаннан  бастап төменде көрсетілген сілтеме бойынша жүктеу қолжетімді болады: http://tiny.cc/viktorinaSatpaev

Қатысушылардың барлығына алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

ИТОГИ

Оставить комментарий