Оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, аса дарынды және талантты жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға қолдау көрсету мақсатында, 2019 жылғы 27 қарашада Қостанай қаласындағы М. Горький атындағы гимназия базасында 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурсқа барлығы 352 жоба ұсынылды, оның авторлары 407 оқушы болды.
Жобаны қорғау 19 секцияда өтті. Қазылар алқасының құрамына Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқытушылары кірді.
Конкурс қорытындысы бойынша 180 жоба, 206 автор жүлдегер атанды, оның ішінде 41 жоба І орын (48 оқушы), 61 – ІІ орын (68 оқушы) және 78 жоба (90 оқушы) ІІІ орын алды.
Конкурс жүлдегерлері конкурстың келесі кезеңіне – бейіндік пән бойынша қашықтықтан тестілеуге қатысады.
Тестілеу 2019 ж 11 желтоқсанда өтеді.