1-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезең
Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту және кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2019 жылдың 8 қарашасында 1-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі - Конкурс) өткізілді.
Конкурсқа барлығы 241 қатысушы өтініш білдірді, 211 жоба қатысты.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес І дәрежелі дипломмен 22 қатысушы (16 жоба), ІІ дәрежелі дипломмен 53 қатысушы (44 жоба), ІІІ дәрежелі дипломмен 49 қатысушы (44 жоба) марапатталды.