2-4 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен «Funny English» қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    2019 жылдың 22-23 қазанында 2-4 сыныптар үшін ағылшын тілінен «Funny English» атты дәстүрлі қашықтық олимпиада өтті.

    Олимпиаданың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілін үйренуге және түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға қызығушылықтарын ынталандыру.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3 167 оқушы қатысты. Қостанай қ. (574 қатысушы), Рудный қ. (464 қатысушы) оқушылары белсенділік танытты. Ауылдық өңірлерден Қостанай ауданынан (335 қатысушы), Жітіқарадан (243 қатысушы) және Қарасу (198 қатысушы) аудандарын атап өткен жөн. 0 балл жинай алмаған олимпиаданың барлық қатысушылары өз сертификатын олимпиада өткен соң бірден жүктей алды.

    Олимпиаданың жүлдегерлері 2 578 оқушы болды, оның ішінде 1624 оқушы І дәрежелі диплом, 594 оқушы  ІІ дәрежелі диплом және 360 оқушы  ІІІ дәрежелі диплом алады.

    Ең жақсы нәтижені Әулиекөл ауданы (сапа % 92,7 %), Арқалық қ. (88,9 %), Қарабалық ауданының (88,4%) оқушылары көрсетті.