«Дарынды балалармен жұмыс, проблемалары мен шешу жолдары» облыстық вебинарының өткізілуі туралы ақпарат
«Қостанай дарыны» ӨҒПО жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 22 қазанда «Дарынды балалармен жұмыс, проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты: дарынды балаларды анықтау, дамыту бойынша жұмыста облыс педагогтарына қолдау көрсету, Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейі үлгісінде дарынды балалармен жұмыс жүйесімен таныстыру.
№1 лицей-мектебінің педагогтары вебинарға қатысушыларға зияткерлік, шығармашылық және спорттық бағыттар бойынша дарынды балалармен мектеп жұмысының жүйесі туралы, «Перспектива» ғылыми қоғамының жұмысы, оқушылардың зияткерлік қызметінің нәтижелері туралы айтып берді.
Вебинар жұмысына «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Н.Н. Гутник қатысты, ол дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру туралы айтты. Қостанай қ. №1 мектеп-лицейі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары К. Я.Грудупс «Қостанай қ. №1 мектеп-лицейінің дарынды балалармен жұмыс жүйесі» тақырыбында сөз сөйледі.
№ 1 мектеп-лицей директорының дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары С.К. Кусымбаева дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісті және мектеп-лицей оқушыларының жұмыс нәтижелері туралы айтты.
Сонымен қатар №1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Т. Н. Зимовец «Бастауыш мектептегі дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жүйесі» тақырыбы бойынша және Е. В. Куракина «Білім беру ортасында оқушылардың өзін-өзі анықтау құралы ретіндегі зияткерлік ойындар» тақырыбы бойынша, графика және жобалау мұғалімі А. В. Мальцева «Шығармашылықтың қанатында» атты шығармашылық жоба» тақырыбында, дене шынықтыру мұғалімі В.С. Бочков «Сабақта және сабақтан тыс уақытта дарынды балалармен жұмыс» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
Мектептің биология пәнінің мұғалімі И.Г. Кириченко семинарға қатысушыларға сабақ пен сабақтан тыс іс-әрекеттерде оқушылардың шығармашылық бағыттылығын жүзеге асыру аясында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың жүйелі тәсілі туралы әңгімеледі.
Вебинар жұмысына облыстың 70 білім беру ұйымдарының және білім бөлімдерінің педагогтары қатысты.