«Триумф-2019» жеңімпаздарды құрметтеу рәсімі

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және  Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында оқушылардың білім алуына, спортпен және шығармашылыққа деген ынтасын арттыру, дарынды балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында 2019 жылы 20 қарашада «Триумф» жеңімпаздарын құттықтаудың  Х-шы мерейтойлық рәсімі өтті.

     

    Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының күмбез залында Қостанай облысы әкімінің орынбасары М. Қ. Жүндібаев дарынды жастарды – республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, шығармашылық конкурстардың және спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай – ақ олардың тәлімгерлері-педагогтар мен жаттықтырушыларын құттықтады.

     

    Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдығы және Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойлары қарсаңында және салтанатты кездесу аясында «Ұлы ойшылдардың даналығы - халықтың рухани күші» атты диалог алаңы өтті. Кездесу барысында қатысушылар өздерінің тарихи тамырлары мен ұлы адамдарды ұмытуға болмайтындығы туралы ой қозғады. Жас ұрпақ ата-бабалар мұрасын ұқыпты сақтап, өткенді және  дәстүрді құрметтегені мақтаныш сезімін туғызады.  Әл-Фараби және Абай Құнанбаев сияқты ойшылдардың ұлағатты ойларын түсінгенде ғана болашаққа сеніммен қарауға болады.

    Дарынды оқушылармен кездесуге құрметті қонақтар қатысты: халықаралық WorldSkills International сертификатталған сарапшысы, «НАО Холдинг Кәсіпқор» штаттан тыс жаттықтырушысы Анзор Мусаевич Саидов; халықаралық «IT-планета» олимпиадасының жеңімпазы, жас ғалым, «Жастардың Алтын кітабы-2018» жобасының лауреаты, Қостанай құрылыс колледжінің студенті Рюмин Максим, сондай-ақ облыстың жоғары оқу орындарының өкілдері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, облыстық білім беру ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері.

    Салтанатты рәсімге қатысушылар - Қабдыхамитов Ерназ (Амангелді ауданы), Бижанов Бекзат (Қостанай ауданы), Сабыржан Жаңыл (Науырзым ауданы), Мельникова Диана («Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты) өздерінің табысқа жету жолы, мақсаттарына қол жеткізуге көмектескендер туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

    Салтанатты рәсім республикалық және халықаралық конкурстардың, жарыстардың жүлдегерлерін марапаттаумен аяқталды. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Қонысбайұлы Жүндібаев оқушыларға «Триумф» естелік мүсіншелерін, ноутбуктар мен құттықтау ашық хаттарын табыс етті. Жас таланттарды дайындаған педагогтар мен жаттықтырушылар Білім және ғылым министрлігінің және Қостанай облысы әкімінің грамоталарымен марапатталды, сондай-ақ оларға планшеттер табыс етілді.

    2019 жылдың қорытындысы бойынша үздік оқушылар қатарына кірген:

    1

    Радченко Анастасия

    Қарасу ауданы

    2

    Жалелов Малик

    Қостанай қаласы

    3

    Тулегенова Алина

    Қостанай  ауданы

    4

    Амержанова Анель

    Қостанай қаласы

    5

    Бижанов Бекзат

    Қостанай қаласы

    6

    Тлеуберген Тансулу

    Рудный қаласы

    7

    Қабдыхамитов Ерназ

    Амангелді ауданы           

    8

    Кострова Кристина

    Әулиекөл ауданы          

    9

    Жаңабай Алтынай

    Жангелді ауданы              

    10

    Пинженина Александра

    Қарабалық ауданы

    11

    Хамзина Дарига

    Меңдіқара ауданы

    12

    Брахнова Елизавета

    Жітіқара ауданы

    13

    Сайран Досхан

    Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты

    14

    Абдихадир Жандос

    Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

    15

    Пак Алина

    Қостанай қаласы

    16

    Наурзбаева Камила

    Қостанай қаласы

    17

    Жумаделов Алишер

     «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

    18

    Мельникова Диана

    «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

    19

    Муратбаев Ержан

    Рудный қаласы

    20

    Сабыржан Жаныл

    Науырзым ауданы

    Барлық қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болды: зарядтау құрылғысы, блокнот және «Триумф» салтанатының белгісі бар қалам.

     

    Марат Қонысбайұлы салтанатты рәсімнің жаңа номинанттарын құттықтап, сөз сөйледі: «...Сіздердің жеңістеріңіз - бұл қажырлы еңбектің нәтижесі, таланттың және рухтың күші. Онда педагогтардың еңбегі аз емес, олардың  кәсібиліктері мен сенімдері сіздерді биік шыңдарға қол жеткізуге көмектесті. Сіздерді ата-аналарыңыз мақсатқа жету жолындағы сын сағаттарда қолдады. Сіздердің өмірлеріңізде жаңа білім мен жаңалықтарға, сенімді достар мен лайықты қарсыластарға, қажырлы еңбек пен белсенді демалыс үшін әрқашанда орын болсын. Сіздерге мықты денсаулық, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!»

    Құттықтау рәсімі аяқталғаннан кейін оқушылар естелік суретке түсті.