Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық шырша
2019 жылдың 24 желтоқсанында сағат 11.00-де Жастар сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық шырша өтті.
Дәстүрлі жаңа жылдық қойылымға облыстың барлық өңірлерінің жетім балалар, ата-анасының қамқорысыз қалған балалар, аз қамтамасыз етілген балалар және көп балалы отбасылардан шыққан балалардың қатарынан 200 астам 3-7 сынып оқушылары қатысты.
Оқушыларды Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұмамбетов құттықтай отырып, оларға әрқашан мейірімді және әділ болуға, Отанымыз Қазақстан Республикасын сүюге, жақсы оқуға және әрқашан өз мақсаттарына ұмтылуға тілек білдірді.
Балалар ғажайып жаңа жылдық сыйлықтар алды. Оларға арналған «Біз-еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жас вокалистер, «Карнавал» би ансамблінің және «Юность» балалар циркінің орындауында жаңа жылдық шоу, сонымен қатар театрландырылған қойылым болды. Ешкім назардан тыс қалған жоқ, Аяз Ата мен Ақшақар барлығын көңілді хороводқа шақырды.
Шыршаға қатысушылардың барлығына ғажайып мереке ұзағынан есте қалатынына сенімдімін және олар бұл тамаша Жаңа жылды ұзақ еске алатын болады!