Дүниетану (бастауыш сыныптар), дүние жүзі тарихы және физикадан «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының қорытындысы
Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды қолдауды дамыту, оқытушылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылу мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 18 желтоқсанда білім беру ұйымдарының дүниетану (бастауыш сыныптар), дүние жүзі тарихы және физика пәндері бойынша «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың қатысушылары Қостанай облысы білім беру ұйымдарының 63 педагогы болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 28 қатысушы жүлдегер атанды. Олар 1 бірінші, 7 екінші және 20 үшінші орынға ие болды.