Жас мұғалімдерге арналған семинар
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 13-15 қаңтар аралығында педагогикалық шеберлік мектебі аясында қазақ тілі мен әдебиетінің жас мамандарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша дарынды балалармен жұмыстағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбы бойынша on-line режимінде семинар (бұдан әрі-семинар) өтті.
Семинардың мақсаты: жас педагогтің кәсіби педагогикалық құзыреттілігін жетілдіру және дарынды оқушылармен жұмыста қолдау көрсету.
Семинарға облыстың барлық өңірлерінен 34 жас педагог қатысты.
Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Э.Е. Рахимова (Қостанай қ. №1 мектеп-лицейі), З.Д. Серғазина (Қостанай қ. №18 мектеп-гимназиясы) және «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» КММ әдіскерлері С.К. Жакибаева, А.О. Каримова сөз сөйледі.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша дарынды балалармен жұмыстағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбын ашумен қатар, семинарға қатысушылармен «Оқушыларды пәндік олимпиадалар мен ОҒҚ-ға дайындау» тақырыбы талқыланды.
Барлық тыңдаушыларға «Қостанай дарыны» ӨҒПО сертификаттары табыс етіледі.