2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» XV республикалық математикалық турнирі
2022 жылғы 6-10 маусым аралығында Алматы қаласындағы НЗМ базасында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» XV республикалық математикалық турнирі өтті.
Турнирдің негізгі мақсаты – математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш сынып оқушыларын дамыту және қолдау көрсету, олардың математикадан білімдерін тереңдету.
Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық физика-математика мектептерінен, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», сондай-ақ «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығынан 39 команда қатысты.
Республикалық турнир үш турда өтті:
1-тур – «Әу, баста!»;
2-тур – «Асық»;
3-тур – «Математикалық бәйге».
Қостанай облысынан 2 команда – Қостанай қ. № 24 мектеп-гимназиясы және Сарыкөл ауданының құрама командасы қатысты. Балалар математикалық білімнің және сыни ойлаудың жоғары деңгейін, ынтымақтастық дағдыларын және командада жұмыс істей білуді көрсете отырып, барлық сынақтардан лайықты өтті.
Турнир қорытындысы бойынша жеке есепте команда қатысушылары жүлделі орындарға ие болды: №24 мектеп-гимназиясы: Өмірзақ Ерасыл – 2 орын, Ғазиз Дінмұхаммед – 3 орын, Доненбаева Амира – грамота; Сарыкөл ауданының құрама командасы: Титух Роман – 2 орын, Утимисова Айару – грамота.
Жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.