Химия пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды шешу әдістемесі: оқушыларды даярлауға арналған тиімді тәсілдер мен құралдар
2024 жылғы 9 қазанда «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде сабақ беретін химия пәнінің мұғалімдеріне арналған олимпиадалық тапсырмаларды шешу бойынша семинар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби біліктіліктерін және оқушыларды республикалық олимпиадаларға даярлау сапасын арттыру. Семинарға облыстың 13 ауданынан және 2 қаласынан 18 мұғалім қатысты.
Семинарды «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ мұғалімі, тәжірибелі педагог Бекмағамбетов Айбек Серікқалиұлы өткізді. Айбек Серікқалиұлы оқушыларды олимпиадаларға дайындаудағы өз білімі мен тәжірибесімен бөлісті, мұғалімдер олимпиадалық тапсырмаларды егжей-тегжейлі талдап, оларды шешу стратегияларын қарастырды, сондай-ақ әріптестерімен пайдалы тәжірибе алмасты. Семинар динамикалық және шығармашылық атмосферада өтті, бұл қатысушыларға өз білімдерін байытып қана қоймай, одан әрі жұмысқа шабыт алуға мүмкіндік берді. Соңында барлық педагогтарға сертификаттар табысталды.