Химия пәнінен екінші он-лайн сабақ
2020 жылғы 16 сәуір күні облыстың олимпиадалық резерві үшін химия пәнінен екінші он-лайн сабағы өтті.
Жаттықтырушы - Султан Курмангалиевич Ахметов – екінші сабақты «Химиялық реакцияларында энергияның өзгеруі» тақырыбы бойынша есептерді шешуге арнады.
Дайындық үшін білім алушылар мен педагогтерге Н.Е. Кузьменко, В.В. Ереминнің «2500 задач по химии» оқу құралы ұсынылды. Бұл құралдың тараулары қысқаша қаралды. «Изменения энергии в химических реакциях» атты 5 тарауына ерекше көңіл бөлінді.
Одан соң бірнеше есептерді шешу ұсынылды. Есептердің бұл түрі химия олимпиадаларында жиі кездеседі.
Сабаққа Қостанай, Рудный қалаларынан, Науырзым ауданынан және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан 40 оқушы мен педагогтері қатысты..
Келесі сабақ а. ж. 23 сәуірінде өтеді.