Химия пәні бойынша жас педагогтер үшін семинар
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 15 қазанда педагогикалық шеберлік мектебі аясында химия пәні бойынша жас педагогтері үшін «Дарынды балаларды қолдау» тақырыбы бойынша on-line режимінде семинар (бұдан әрі-семинар) өтті.
Семинарға қатысушылар «Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының химия пәні мұғалімі К. А. Нугуманованың, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі К.Ж.Жумагулованың жұмыс тәжірибелерімен танысты.
Тыңдаушыларға оқушыларды олимпиадаларға дайындаудың негізгі нысандары мен әдістері, ғылыми жұмыстар мен жобаларды жазуға дайындық, сондай-ақ химия сабақтарында оқушылардың дарындылығын анықтау және дамыту бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
Куралай Жумановна тыңдаушыларды ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерімен, ұсынылатын әдебиеттер тізімімен таныстырып, оқушылармен бірлесіп «Шұжықтың химиялық құрамын анықтау» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын ұсынды.
Карина Ансагановна жас педагогтармен бірге оқушылардың ОҒҚ-на дайындық бойынша шебер-класс өткізді. Сонымен қатар, «STEM» бағытында жұмыс істеу бойынша мектептің тәжірибесі ұсынылды.
Семинарға облыстың барлық өңірлерінен жас педагогтар қатысты.
Жұмыс тәжірибесін ұсынғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!