Химия пәні бойынша оқыту семинары
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 26 наурызда «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ базасында «Химия пәні бойынша олимпиада тапсырмаларын шешу» оқыту семинарын өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – жаратылыстану-математика циклі педагогтерінің кәсіби біліктілігін арттыру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.
Семинарға облыстың 14 ауданы мен 3 қаласынан 34 педагог қатысты. Семинарды химия пәнінің мұғалімі Наталья Владимировна Беспальчук өткізді.
Қатысушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды қарап, оларды шешу жолдарын талдады.