Роботты техника бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасы
- негізгі жалпы және орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеретін оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту;
- дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау;
- жастар арасында ғылыми білімді тарату және насихаттау;
- жеке тұлғаны қалыптастырудың ерте кезеңдерінде жастарды кәсіптік бағдарлау.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 25 ақпанда оқушылардың роботты техника бойынша облыстық олимпиадасын қашықтық форматта өткізді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары:
Олимпиада 2 кезеңде өтеді: 1 - сырттай - берілген тақырыпқа эссе жазу, 2 кезең - күндізгі - есепті шешу және бағдарламалау тапсырмасын орындау. 1 турдың қорытындысы бойынша 37 қатысушыдан күндізгі кезеңге 34 қатысушы жіберілді.
Олимпиаданың 2 турына облыс мектептерінің 9-11 сыныптарының 33 оқушысы қатысты. Олимпиада қатысушылары роботты техникадан есептерді шешті, бағдарламалауды орындады және өз роботтарын ұсынды.
Қазылар алқасының шешімімен 1 орын алғандар:
- Блохина Алина, А.М. Горький атындағы гимназияның 9 сынып оқушысы;
- Лебедев Олег, Лисаков қаласы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.
2 орын:
- Итемгенов Бахтияр, Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Дынник Андрей, Қостанай қаласының № 8 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Лукиш Екатерина, Лисаков қаласы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Сагимбаева Ангелина, Қостанай ауданы Тобыл қаласының мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.
3 орын:
- Мухтабаева Айымжан, 10 сынып Қостанай қаласының С. Мәуленов атындағы гимназиясы;
- Блинов Илья, Лисаков қаласы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Едил Ернар, «ОЗАТ» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Антонянц Артем, Қостанай қаласы М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы;
- Абдрахманова Дария, Ы. Алтынсарин атындағы 11 мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушысы;
- Дудина Вероника, Қостанай ауданы Тобыл қаласының мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификат, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом беріледі.