Робототехника бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасы
«Қостанай дарыны» өңірлік-ғылыми практикалық орталығы 2021 жылдың 3 наурызында қашықтан оқыту форматында робототехника бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасының 2 турын өткізді. Олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары:
• негізгі жалпы және орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеретін оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту;
• дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау
• жастар арасындағылыми білімді тарату және насихаттау;
• жеке тұлғаны қалыптастырудың ерте кезеңдерінде жастарды кәсіптік бағдарлау.
Олимпиада 2 турда өтті: 1 тур (іріктеу) - ұсынылған тақырыптар бойынша эссе; 2 тур – есептерді шешу және роботты бағдарламалау. 1 турға 87 жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасының алқасының шешімі бойынша 2-ші турға 43 қатысушы жіберілді, облыстың 9 өңірінен 32 оқушы қатысты: Алтынсарин, Амангелді, Қостанай, Жітіқара аудандары, Б.Майлин ауданы, Арқалық, Рудный, Лисаковск және Қостанай қалалары.
Олимпиадаға қатысушылар робототехника бойынша есептерді шешті, бағдарламалауды орындады және өз роботтарын ұсынды.
Қазылар алқасының шешімімен 1орын алған:
- А.М. Горький атындағы гимназиясының 9 сынып оқушысы - Блохина Алина;
- «ОЗАТ» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы - Байгенжин Ержан;
- Б. Майлина аудандық Балалар өнер мектебінің 11 сынып оқушысы - МурзагуловРахат.
2 орын:
- Янчук Николай, Лисаков қаласының балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының 9 сынып оқушысы;
- Мельникова Диана, «ОЗАТ»мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
-Қожантаев Еламан, Тобыл қаласы Н. Гаушабаев атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.
3 орын:
- Цюпай Александр, 9-сынып, Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі,
- Мусин Бекжан, Рудный қаласы Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;;
- Хищенко Даниил, Қостанай қаласы №23 жалпы білім беретін мектебінің10 сынып оқушысы;
- Антонянц Артем, Қостанай қаласы №23 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Дария Абдрахманова, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының10 сынып оқушысы;
- Красуцкий Сергей, Рудный қаласының № 10 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификат, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом беріледі.