Республикалық оқушылар олимпиадасының қатысушыларына арналған оқу-жаттығу жиындары

    Жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қатысушылары үшін оқу-жаттығу жиындары өткізіледі, олардың негізгі мақсаты олимпиадаға қатысуға дайындық.

    Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері 71 оқушы ұсынды, олимпиадаға қатысуға 67: жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша 35 қатысушы және қоғамдық–гуманитарлық цикл пәндері бойынша 32 қатысушы жіберілді.

    Биылғы жылы әр пән бойынша сабақтар жеке кесте бойынша өткізіледі. Физика, ағылшын тілі, химия пәндері бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін сабақтар ағымдағы жылдың 3 ақпанында, басқа пәндер бойынша – 24-28 ақпан аралығында басталады.

    Жиындарға жаттықтырушы ретінде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының оқытушылары шақырылды.

    Сонымен қатар, математика пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылар 2020 жылдың    3-10 ақпан аралығында Нұр-сұлтан қаласындағы "Нұр-Орда" мектебінің базасында өткен республикалық олимпиадаға дайындығы бойынша оқу-тәжірибелік сабақтарына қатысты. Осындай сабақтарға информатика пәнінен республикалық олимпиадаға қатысушылар да жіберіледі. Сабақтар 23 ақпан және 1 наурыз аралығында өтеді.