Республикалық конкурстың қорытындысы "Үздік авторлық бағдарлама-2020"

    «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен  2020 жылдың 15 және 20 қазан аралығында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді.

    Конкурстың мақсаты: оқу пәндерінің, элективті курстардың, арнайы курстар және пәндер бойынша таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын жасайтын, үздік педагогтардың озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.

    Педагог конкурстарға қатыса отырып, жұмыстың ең тиімді тәсілдерін іздеу және жүйелеу және практикаға инновациялық технологияларды енгізу  бойынша тәжірибе алады. Педагог үшін конкурсқа қатысу кәсіби педагогикалық қызметтегі өз жетістіктерін көрсету, тәрбиеленушілермен өз жұмысының, ата-аналармен, жергілікті қоғамдастықпен бірлескен жұмысының нәтижелерін көрсету мүмкіндігін білдіреді.

    Конкурсқа (конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес) кемінде 5 жыл педагогикалық өтілі бар, өңірлік және республикалық іріктеу кезеңдерінен өткен білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің педагог жұмыскерлері қатысты.

    Қостанай облысынан 18 авторлық жоба: Қостанай қ. -  3, Рудный қ. -  1, Лисаков қ. -  3, Жітіқара қ.- 1, Б.Майлин ауданы – 2, Қарасу ауданы  - 3, Қостанай ауданы  - 2, Сарыкөл ауданы -  2, Ұзынкөл ауданы – 1 ұсынылған болатын.

    Конкурстық бағдарламаларға сараптама мен іріктеуді республиканың жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми жұмыскерлері қатарынан арнайы сараптама комиссиясымен жүргізді.

    Конкурс жеңімпаздарының авторлық бағдарламалары жарияланады және дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу тәжірибесіне енгізілетін болады.

    «Үздік авторлық бағдарлама» - 2020 республикалық конкурсының қорытындылары бойынша Қостанай облысының қатысушылары I, III дәрежелі дипломдармен және номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды.

    I дәрежелі диплом

     

    Толық аты-жөні

    Мектептің толық атауы

    Авторлық жұмыстардың тақырыбы

    Алимбаева Алина Кажирахимовна

    «Жітіқара ауданы, №12 орта мектебі

    Инновациялық педагогикалық менеджмент-белсенді педагог дамуының негізі

     

    III дәрежелі диплом

    Толық аты-жөні

    Мектептің толық атауы

    Авторлық жұмыстардың тақырыбы

    Смагулова Гульжазира Гинятовна

     

    Рудный қаласы, №19 орта мектебі

    «Абай Құнанбаев мысалдарын оқыту» (5-сынып оқушыларына арналған оқу- әдістемелік кешені) (қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндер)

    Кокухина Валентина Викторовна

     

    Қарасу ауданы, Степной негізгі мектебі

    «2 сыныпқа арналған орфографиялық қырағылықты дамытуға арналған орыс тілі тренажерлары» электронды оқу құралы (бастауыш мектеп)

    Номинациялар бойынша грамоталар

    Толық аты-жөні

    Мектептің толық атауы

    Авторлық жұмыстардың тақырыбы

    Галимжанова Балгуль Бейсембаевна

    Бейімбет Майлин ауданы,  С. Ерғалиев атындағы орта мектебі

    «Грамматика әлемі» 4 сынып. Жұмыс дәптері (бастауыш мектеп)

    Абрамова Галина Петровна

     

    Сарыкөл ауданы, Урицк мектеп-лицейі

    10 сынып оқушыларына арналған «Математикалық сауаттылық» қолданбалы курсы (физика-математикалық бағыт)

    Колесникова Ирина Евгеньевна

    Сарыкөл ауданы, Урицк мектеп-лицейі

    4 сынып оқушыларына арналған  «Логик-УМ « таңдау курсы (бастауыш сыныптар)

    Костюченко Наталья Петровна

     

    Лисаков қаласы, № 4 орта мектебі

    Ауызша және жазбаша сөйлеу әлемінде (бағыты: бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім

    Максименюк Ольга Сергеевна

     

    Лисаков қаласы, мектеп-лицейі

    «Агрохимияға кіріспе» (бағыты: жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер (химия, биология, география, экология)