Республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы

     

      

     

    2021 жылғы 7-9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында 5-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы өтті.

    Конкурстың негізгі мақсаты - экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

    Қостанай облысының атынан Әулиекөл ауданы және Қостанай, Рудный қалаларының оқушылары облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

    Республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша қостанайлықтар 3 орынға иеленді. Конкурстың жүлдегері Рудный қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Кучер Екатерина атанды. Тағы екі оқушы: Қостанай қаласының № 15 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Иралинова Зарина және Қостанай қаласының С.Мәуленов атындағы гимназиясының 8 сынып оқушысы Ғазиз Дамира грамотамен атап өтілді.