Психологтерге арналған облыстық семинары
«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 наурызында Қостанай облысының дарынды балаларға арналған облыстық білім беру ұйымдарының және инновациялық мектептердің психологтері үшін онлайн форматта «Зияткерлік дарынды оқушыларды анықтау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты семинары өтті.
Лектор ретінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Смаглий Татьяна Ивановна шақырылды.
Семинар барысында психологтер дарындылық, классификация, дарындылық түрлері, дарынды балаларға тән ерекшеліктер туралы білімдерін тереңдетті.
Семинар қатысушылары дәріскердің кәсібилігін, баяндалған материалдың ғылымилылығы мен қол жетімділігін атап өтті.