Педагогтерге арналған семинар: география пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды шешудің тиімді тәсілдері
11 және 22 қазанда «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы «География пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды шешу» тақырыбында оқыту семинарларын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты мұғалімдердің олимпиадалық тапсырмаларды шешудегі кәсіби құзыреттілігін арттыру болды. Іс-шараға облыстың 14 ауданынан және 4 қаласынан 68 педагог қатысты. Семинарды «Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы» КММ география пәнінің мұғалімі, тәжірибелі педагог Пэк Александр Викторович және А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының меңгерушісі Баубекова Гаухар Қоныспайқызы өткізді.
Қатысушылар география пәні бойынша республикалық олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде ұсынылатын тапсырмаларды егжей-тегжейлі қарастырып, оларды шешу стратегияларын талдады. Педагогтар ұсынылған материалды, сондай-ақ жаттықтырушының кәсібилігі мен шеберлігін жоғары бағалады.