Педагогтерге арналған облыстық вебинарлар

     

      

     

     

     

    2022 жылдың 6 сәуірінде «Физика сабақтарында Mind maps технологиясын қолдану» атты облыстық вебинары өтті.

    Вебинарды Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімдері Г.А. Абикенова мен Ж.К. Уткельдбаева өткізді.

    Көрнекі мысалдарды қолдана отырып, педагогтер қол жетімді түрде физика сабақтарында Mind maps технологиясын қолдану туралы айтып берді. Mind maps технологиясының немесе «ой картасының» авторы - Тони Бьюзер. Ақыл-ой картасы, ол ақыл-ой картасыmind map - бұл ақпаратты жазуға және өңдеуге мүмкіндік беретін ойлауды визуализациялау әдісі. Классикалық нұсқаларда негізгі ой немесе идея ақыл-ой картасының ортасында, ал барлық қосымша айналасында жасалады.

    Модераторлар Mind maps-ті жасау кезінде қолдануға болатын пайдалы ресурстармен (сайттар, платформалар) бөлісті.

    2022 жылдың 7 сәуірінде Сарыкөл ауданының № 1 жалпы білім беретін мектебінің педагогтері дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Вебинардың тақырыбы  - «Бастауыш мектепте дарынды балалармен жұмыс жасаудың стратегиясы мен жетістіктері».

    Вебинардың мақсаты оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияларды игеру және енгізу арқылы педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату болды.

    Вебинар аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің жетекшісі Т.П. Грудцына және бастауыш сынып мұғалімдері Л.К. Овчинникова мен Г.Б. Шиктыбаева сөз сөйледі.

    Өз сөздерінде педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті, оқушылардың жеке педагогикалық табыстары мен жетістіктері туралы айтып берді.

    Вебинар жұмысына Қостанай облысының 12 өңірінен 27 білім беру ұйымының 66 педагогі мен әдіскерлері қатысты.

    Вебинар материалдарын «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтынан және арнасынан табуға болады.