Облыстық олимпиадалық резервтік мектебі
«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап облыстық олимпиадалық резервтік мектебінде сабағын бастады.
Сабақтың мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің неғұрлым дарынды және талантты оқушыларын тереңдетіп пәндік даярлау, оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларда сапалы өнер көрсетуі, облыс оқушыларының әр түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша оқушыларды даярлау.
Сабақтар он-лайн режимінде келесі пәндер бойынша өтеді: математика, физика, химия, биология және география. Оқытушылар ретінде олимпиадаларға дайындық тәжірибесі бар жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп педагогтері шақырылды.
Сабақтарға облыстың ауылдық өңірлерінен 9-10 сыныптардың 80-нен астам оқушы қатысады.
Мектеп жұмысының қорытындысы бойынша олимпиада өткізіледі, тапсырмаларды ойдағыдай орындаған балалар «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдары берілетін болады. Сабақтар ағымдағы жылдың 5 қарашасына дейін созылады.