«Қазіргі білім беруде дарынды балаларды анықтау мен қолдаудың басым бағыттары» атты облыстық кеңес
- Қолайлы оқу-әдістемелік орта құру жолымен дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтердің біліктілігін арттыру және қолдау жүйесін жетілдіру;
- Педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға ықпал ететін инновациялық білім беру-дамыту технологияларын, қашықтықтан оқыту мүмкіндіктерін мектепте оқыту практикасына үнемі енгізу;
- Қазіргі заманғы ұлттық тәрбие идеалы, базалық ұлттық құндылықтар мен өңірдің тарихи-мәдени мұрасы негізінде азаматтық, патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие мен оқытудың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
- Оқушыларды ерте бейіндеу және кәсіптік бағдар беру мақсатында «Химоинформатика», «Биохимия» және т.б. сияқты 2-3 пәндерді тоғыстырып авторлық, интеграцияланған және қолданбалы курстарды әзірлеу және дарынды балалармен жұмысқа енгізу.
Ағымдағы жылғы 12 тамызда Қостанай облысының білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесі шеңберінде «Қазіргі білім беруде дарынды балаларды анықтау мен қолдаудың басым бағыттары» атты дарынды балалармен жұмыс секциясы өтті. Секция жұмысы on-line режимінде өтті. Секция модераторы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы болды.
Секция жұмысына Қостанай облысының 13 өңірінен 166 қатысушы және дарынды балаларға арналған үш мамандандырылған Білім беру ұйымдары қатысты, олардың ішінде білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп педагогтары болды. Секцияның негізгі баяндамашылары:
- Ярошевич Надежда Петровна, Федоров ауданы білім бөлімінің «Баннов орта мектебі» директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: «Ауылдық мектеп жағдайында дарынды балаларды анықтау және қолдау»;
- Мухамбетова Макпал Какимбековна, Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің әдіскері: «Шығармашылық байқаулар балалардың қабілеттерін дамыту құралы ретінде»
- Ахметов Султан Курмангалиевич, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі: «Оқушыларды халықаралық олимпиадаларға дайындаудың ерекшеліктері»
- Серикбаева Роза Назымовна, Қостанай қаласы білім бөлімінің «№24 гимназия» директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары: «Заманауи мектептегі балалардың дарындылығын дамытуға ықпал ететін білім беру ортасының үлгісі».
Қостанай қаласы білім бөлімінің №22 орта мектебінің педагогтары өздерінің жұмыс тәжірибелерін ұсынды: «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының жүлдегерлері: Едревская Людмила Валерьевна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі: «Орыс әдебиеті сабақтарында зияткерлік жетістік ортасын құру» және математика мұғалімі Станогина Наталья Владимировна: «Математиканы оқытуда смарт құрылғыларды тиімді пайдалану оқушының жетістігінің бір жолы».
Кеңеске қатысқан педагогтар білім беру ұйымдарында өткізілетін қызмет туралы айтып, жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар қабылданды: